Жарасхан Төлебай — Бір шәугім шәй

 

 

Жарасхан Төлебай — Бір шәугім шәй — текст песни

 

Бір шәугім шай барма еді естеріңде,
Қара шәугім қайнайтын пештеріңде.
Қайран анам малынып қара терге,
Таңертең, түс, құятын кештеріңде.
Қайран анам малынып қара терге,
Таңертең, түс, құятын кештеріңде.

 

Қойдың қиы — отыны құрғақталған,
Қара мұржа түтіні будақталған.
Таң бозынан тұратын қайран анам,
Бір шәугім шай құятын қаймақталған.
Таң бозынан тұратын қайран анам,
Бір шәугім шай құятын қаймақталған.

 

Тезек теріп келуші-ек қыраттардан,
Су әкеліп құятын бұлақтардан.
Қара шәугім қалдың-ау қара қоста,
Қанат қағып өзіңнен жырақтағам.
Қара шәугім қалдың-ау қара қоста,
Қанат қағып өзіңнен жырақтағам.

 

Бір шәугім шай ішейік сыр ақтарып,
Анамызды ешқашан жылатпайық.
Келіп-кетіп тұрайық сағынышпен,
Айлап емес ара күн бір апталық.
Қара мешің құт болып тұра берсін.
Тамған терін анамның құлатпайық.

 

945710cookie-checkЖарасхан Төлебай — Бір шәугім шәй
Просмотры 1 606

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *



Читать полностью

Наш сайт создан чтобы помочь Вам вспомнить слова Ваших любимых песен, уточнить непонятные тексты песен, узнать их перевод и разучить новые песни. Мы собрали для Вас крупную базу данных, которая содержит более множество текстов и переводов песен различных исполнителей. Сайт регулярно пополняется текстами новых песен. Чтобы найти необходимый текст песни или перевод воспользуйтесь удобным поиском по исполнителям, названиям или тексту песни. Если же Вы не нашли нужный текст песни или перевод напишите нам и мы его добавим.