Жандос Қаржаубай – Тиіспеңізші әкесі жоқ қыздарға

 

Жандос Қаржаубай – Тиіспеңізші әкесі жоқ қыздарға — текст песни

 

 

Жақын іздеп жат көрінген шаһардан.
Бір жақсылық күткен ұлы сапардан.
Әкесі бар қыздың бәрі әдемі,
Әкесі жоқ қыздың бәрі қаһарман.

 

Тағдыр шығар төбесіне бұлт үйген,
Жұбатайын Салтанаттай бір күймен.
Алақанға жылу іздеп қонатын,
Балапанға ұқсатамын үрпиген.

 

Адамдардың жүрегінде мұз бар ма?
Адамдардың көңілінде сыз бар ма?
Қызғалдақ гүл солып қалған суықта,
Қызғалдақ қыз тоңып қалған ызғарға.
Жалғыздықта мұңаяды әке деп,
Жапырақта сарғаяды күз барда
Иіскеңізші маңдайынан ит тірлік,
Тиіспеңізші әкесі жоқ қыздарға.

 

Қалай қойған менің адам атымды.
Жүрек көзі жанартаудай атылды.
Әкесі бар қыздың бәрі әдемі,
Әкесі жоқ қыздың бәрі ақылды.

 

Қандай адам табатыны белгісіз,
Қандай адам болатыны белгісіз,
Тәңір оны сынақ беріп жылатқан,
Алдамаңыз, жылатпаңыз енді сіз.

 

120146cookie-checkЖандос Қаржаубай – Тиіспеңізші әкесі жоқ қыздарға
Просмотры 876

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *



Читать полностью

Наш сайт создан чтобы помочь Вам вспомнить слова Ваших любимых песен, уточнить непонятные тексты песен, узнать их перевод и разучить новые песни. Мы собрали для Вас крупную базу данных, которая содержит более множество текстов и переводов песен различных исполнителей. Сайт регулярно пополняется текстами новых песен. Чтобы найти необходимый текст песни или перевод воспользуйтесь удобным поиском по исполнителям, названиям или тексту песни. Если же Вы не нашли нужный текст песни или перевод напишите нам и мы его добавим.