784
Шалықтап кетсем шаттанам шəкірт қиялы
Тəлімнің ұғып бағасын бойға жияды
Бағалай білген ұстаздар ардақты жандар
Оралмай кеткен сағымдар алтын ұядан
Бір үміт артып балаңа сенгенің үшін
Бір сенім артып біздерге келгенің үшін
Сəтіңді қиып баулыған еңбегің үшін
Мың алғыс саған ұстазым мың алғыс саған
Білімнен не бар бағалы ғаламда мəнді
Ұстазы қалар үлгі болып адамға мəңгі
Аядай мектеп өсірді азамат етіп
Аяулы ұстаз əр сөзің санамда қалды
Бір үміт артып балаңа сенгенің үшін
Бір сенім артып біздерге келгенің үшін
Сəтіңді қиып баулыған еңбегің үшін
Мың алғыс саған ұстазым мың алғыс саған
Алысқа қаққан ақ қанат арманым үшін
Шəкіртің үшін атырған таңдарың үшін
Арқа сүйейтін нар тұлға болғаның үшін
Мың алғыс саған ұстазым мың алғыс
Бір үміт артып балаңа сенгенің үшін
Бір сенім артып біздерге келгенің үшін
Сəтіңді қиып баулыған еңбегің үшін
Мың алғыс саған ұстазым мың алғыс саған
Бір үміт артып балаңа сенгенің үшін
Бір сенім артып біздерге келгенің үшін
Сəтіңді қиып баулыған еңбегің үшін
Мың алғыс саған ұстазым мың алғыс саған
Добавить комментарий