1 915
Бір есім үш әріп ана деген
Бақыты баламенен
Сәл ғана алыстап кетсем оны
Сағынып қала берем
Өзгеден өзгеше бағамен
Бәрінен дара көрем
Түсірмей бағасын ардақтап анасын
Арнады балаң өлең
[Қайырмасы]
Анашым, анашым аман жүрші
Біздердің бағымызға
Сүйрейік көңілді біз өмірді
Шүкір деп барыңызға
Анашым, анашым аман жүрші
Біздердің бағымызға
Жүзіңнен нұр төгіп жүзге келші
Жадырап жанымызда
Мейрімін бөлген әр баласына
Жан жетпес бағасына
Шын жақсы көреді жүрегінде
Қарамай шамасына
Құрметім ерекше бас иетін
Ардақты анашыма
Мен түгіл жарты әлем бас ұрған патшалар
Бас иген анасына
[Қайырмасы]
Анашым, анашым аман жүрші
Біздердің бағымызға
Сүйрейік көңілді біз өмірді
Шүкір деп барыңызға
Анашым, анашым аман жүрші
Біздердің бағымызға
Жүзіңнен нұр төгіп жүзге келші
Жадырап жанымызда
Добавить комментарий