851
Арулардың махаббаты ізгі ары
Шешілмеген жұмбақтай ғой бізге әлі
Қыз Жібектей жаны сұлу тым нәзік
Шіркін қандай қазағымның қыздары
Қыздар қыздар сұлу қыздар
Неткен ғажап сұлусыңдар
Дархан көңіл дәрі қыздар
Қыздар қыздар сұлу қыздар
Аққу мойын ару қыздар
Қыздар қыздар сұлу қыздар
Самал желпіп маңдайдағы кекілді
Олар жайлы сырда талай шертілді
Қарап тұрсаң көз тоймайтын сол қыздар
Қырдың сұлу қызғалдағы секлід
Қыздар қыздар сұлу қыздар
Неткен ғажап сұлусыңдар
Дархан көңіл дәрі қыздар
Қыздар қыздар сұлу қыздар
Аққу мойын ару қыздар
Қыздар қыздар сұлу қыздар
Бақыт нұрға бөленгенде сан алуан
Бар сұлулық бір сендерде табылған
Ақ маңдайлы ару қыздар тек қана
Шын аялап шын сүюге жаралған
Қыздар қыздар сұлу қыздар
Неткен ғажап сұлусыңдар
Дархан көңіл дәрі қыздар
Қыздар қыздар сұлу қыздар
Аққу мойын ару қыздар
Қыздар қыздар сұлу қыздар
Добавить комментарий